Математика сабағында
Мінеки, 1 «Б» сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңі аяқталып, бүлдіршіндер сабаққа бар ынталарымен қатыса бастады. Барлық сабақтарда өздерін белсенді көрсете отырып, жекелей, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстарды қызығушылықпен орындайды. Ең жақсы көретін пәндері – математика мен сауат ашу.
Жақында математикадан «Жазық фигуралардың модельдері» тақырыбын өтті. Сабақта жасаған жұмыстарынан балалар таң-тамаша. Жануарлардың жазық фигуралардан құрылған суреттерін жасау үшін түрлі-түсті қағаздардан өздеріне керек пішіндерді қиып әлек болды.
Сабақ соңында жасаған жұмыстарының нәтижелерін көрген балалар, алған әсерлерімен бөлісіп, келесі сабаққа дайындала бастады.
Жұмажан З.Қ.