«Абай – дара, Абай – дана қазақта» сынып сағаты
Қарашаның 9-шы жұлдызында «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты 6’А’ сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды Абай Құнанбаевтың өмірімен, өскен ортасымен, қарасөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен, аудармаларымен таныстыру. Шығармаларын түсініп оқуға, танып өсуге баулу, өмірін, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, — деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы. Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер.
Сынып жетекшісі: Абдрахманова А. М.