image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Адалдық дүкені» — тәрбие мекені болмақ

Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, «Адалдық дүкенін» ашу.   Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.  «Адалдық дүкенінде»  мұғалімдер мен оқушылар, мектеп қызметкерлері  өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.

Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр.Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.

Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.  Павлодар ауданының  мектептерінің ішінде алғашқы қарлығаштарының бірі  болып  осы жобадан Красноармейка орта жалпы білім беру мектебі де шет қалмады.  22 сәуір күні мектепте «Адалдық дүкенінің» салтанатты түрде ашылуы болды.  Дүкеніміздің тұсаукесерін жасау мектебіміздің ұлағатты ұстазымыз Роза Ильинична Амеркуловаға бұйырды. Ол кісі өзінің жылы лебіздерін айтып, осы іс-шараның балалардың бойында тек қана жақсы қасиеттерін оятатынына сенімін білдірді. Дүкенде мектепке керек кеңсе тауарлары сатылады. Дүкеннің алғашқы сатып алушылары 1 сынып оқушылары болды.

Бүгінгі мектебіміздегі ашылып отырған «Адалдық дүкенінің» — оқушыларымыз  үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.

 

Г. Сембина