«Адам көркі — шүберек»
«Адам көркі — шүберек» демекші еңбекке баулу сабағында 6 сынып оқушыларымен «Қазақтың ұлттық киімдері» туралы сабақ өтті. Тарихи- мәдени мұрамыз ұлттық киімдер туралы толық мағлұмат беріп,оқушыларды сауатты дұрыс сөйлей, жаза білуге дағдыландырып, сөздік қорын молайтып, рухани танымын кеңейту алға қойған мақсатымыз еді.
Қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу біздің ұстаздық міндетіміз болып саналады.
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұханов былай деп жазады: «Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді, әсіресе теріні сырт киім үшін пайдаланатын.
Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп, ықшамдап тіккен» — деп баға берген. Бүгін ұлттық киімдер түрімен жалпы таныссақ, келесі сабақта бір ұлттық киім түрін таңдап, жоба жасау ойымызда бар.
Технология мұғалімі Тулемисов К.Т.