«Алтын күз!»
Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, көктем де қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.
Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүреміз. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша.
Бүгін біз күз мезгіліне арналған «Алтын күз!» мерекесін өткіздік. Кішкентай бүлдіршіндеріміз күз мезгіліне арналған өлең, тақпақтарын жатқа айтып, би билеп, ойын ойнады. Балаларға мереке өте ұнады.
Г. Бейсекенова