Алтын ұя – мектебім!
Менің алғашқы еңбек жолым Красноармейка білім беру мектебі.
Сырлары ғылымның
Шешілмеген әліде.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне
– дей отырып алтың ұя мектебімде 11 жыл оқып, білім алып, жоғары оқу орның тәмамдап қайта оралған ыстық та қасиетті білім ордасына келгеніме өзімді бақытты сезінемін. Өйткені, ұжымдағы тәлімгер ұстаздар арасында қызмет ету, мен үшін бір мәртебе.
Ұстаз болу табиғат дарытқан құдырет екен. Дүниедегі мамандық атауларының төресі – ұстаздық. Бойына қуат жүрегіме жарық жігер берер, өрге сүйрейтін жанына азық өміріне өзек болып төрге сүйрейтінде осы ұстаздық қасиет екен. Менде осы мамандықты тандағаныма мақтан тұтамын.
Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, бағыт – бағдар беруде көп ізденіп келемін. Алдыма келген әр шәкіртті өз баламдай жақсы көремін. Зейнетінен бейнеті басым ұстаз деп еңбекте алар асуым, бағындырар щыңым көп менің.
Тлеукенова М. Б.