Асханада тегін тамақтану
Қысқы демалыстан шыққан Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып оқушылары оқу жылының екінші жарты жылдығын осындай жаңашылдықпен бастады. Екі ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларының жалпы саны-191.
Кешенді ас мәзірімен қатар балаларға 5 грамнан бал беріледі. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 2 жарым миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік деңгейіне қарамастан, бастауыш сынып оқушыларын тегістей тегін тамақтандыру мәселесі өткен жылдың қазан айында көтерілген болатын. Бұл – біріншіден балалардың денсаулығы. Екіншіден отбасы қаржысы үнемделеді. Әр балаға бюджеттен 300 теңге бөлініп отыр. Алдын ала әзірленіп жасалған ас мәзірі арнайы санитарлық эпидемиология қызмет орталығымен бекітілген.Бұл тарапта, ата-аналар да балаларының тегін тамақпен қамтамасыз етілгеніне қуанышты.
А.А.Мухаметалина