image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Асыл сөз.

Красноармейка мектебінде көктемгі демалыс кезіндегі тәрбие жұмыстары өткізіліп тұрды.Соның ішіндегі 3Асыныпта мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Асыл сөз! Тақырыбы бойынша оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт — дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіріп. Оқушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейте отырып,ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары екендігін еске сала отырып, білім сайысын өткіздік.Сайысымыз 3 кезеңнен тұрды:

І кезең. Қазақ тіліне қатысты өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (қай топ нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқып, өлең саны көп болса, сол топ жеңімпаз)

ІІ кезең. Мақал — мәтел сайысы. Мұнда да туған жер, отан, ел тақырыбында айтылған мақал — мәтелдің айтып жарысты

(бұл сайыста әр топ берілген уақыт ішінде көбірек мақал — мәтел табу керек. Қай топ көбірек табады, сол топ жеңімпаз)

ІІІ кезең. Кез — келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру керек.Оқушыларға өте қызықты өтті.