Асық ойыны
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Асық ойыны — жасөспiрiмдердiң ой қабiлетiн, өмiрге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады.Бастауыш 3-4 сыныптар арасында Қазақтың ұлттық ойыны -асық ату ойынын дамыту мақсатында сайыс-ойын жүргізілді.Бірнеше ойын түрлері қарастырылды. Олар үшiн ойын — жан-тәнiн қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңiстiң дәмiн татқызатын, жеңiмпаздың мәртебесiн көтеретiн кеңiстiк пен қолдау тоғысы.
А.А.Мухаметалина