«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып Красноармейка жалпы орта білім беру мектебінде 7-11 сынып аралығында «ЖИТС – XXI ғасыр дерті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бүгінгі өткізілген тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру болып табылады. Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».
Сагидулина М.С.