Ашық диктант
Жалпықазақстандық ашық диктант. Этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылғы 7 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған “Ахмет Байтұрсынұлы — дәуірдің дара тұлғасы” тақырыбында Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.