Балалар құқығын қорғау күні
Красноармейка жалпы орта білім беру мектебінде «Балалардың құқығын қорғау» туралы жоғарғы сыныптар арасында ашық сабақ жүргізілді. Бұл іс-шараны Красноармейка жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Карашашев М.М. ұйымдастырды. Іс-шара өте қызықты, кең ауқымды болып өтті. Мұнда балалардың өздеріне арналған заң мен өз құқықтары жайлы мәліметтер айтылып, оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты пікірталас болды. Бұл іс-шарадан балалар көп мәлеметтер біліп, бұндай іс-шаралар болып тұрса деген ойларын білдірді.
Математика пәні мұғалімі: Уахыт Р.