image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Бастауыш сыныптағы оқырмандық қызығушылықтың маңызы

Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі — бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.

Бастауыш мектепте «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі — дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру

Бастауыш сынып оқушыларының үлкен қызығушылығын тудыратын тәсілдердің бірі — мәнерлеп оқу конкурсы. Әдеби шығармалардың театралды инсценировкалары, театралды қойылымдары да білім алушыларды қолына кітап алуға шақырады. Мәтінмен мұндай жұмыс мәтінді талдай білу, жекелеген элементтердің байланысын анықтай білу білігін (тақырыптың, кейіпкерлердің, авторлық ұстанымды көрсету тәсілдерін), өз ойын жеткізе білу білігін дамытады, түсінуге және ұғынуға үйретеді.

Cонымен, қазіргі және инновациялық әдістерге негізделген әдебиеттік оқу сабақтары оқырмандық қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді. Ол, өз кезегінде, бастауыш сынып оқушыларының одан әрі дамуына және табысты оқуына оң әсер етеді; оқу бағдарламасынан тыс отандық және шетелдік әдебиеттің ең үздік шығармаларын оқып үйрену оқырмандық талғамды қалыптастыруға ықпал ететін болады; оқуға мотивацияның артуы оқуға тұрақты қызығушылықтың қалыптасуына бастайтын саты болады.

Жумажан З. К.