«Біз Отан сарбаздары»
Туған жер- адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Сондықтан балалық шақтан бастап адамда Отанға деген махаббат сезімін ояту керек. Мектепалды даярлық тобының кішкентай бүлдіршіндері «Біз Отан сарбаздары» атты іс-шара мерекесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұранымен бастады. Қыздар ұлдарды құттықтап, ұлдар Отан туралы тақпақтарын айттып, ойындар ойнады. Балалар қолдарына бір-бір шарларын ұстап, үйге көтеріңкі көңіл күймен қайтты.
Бейсекенова Г.Ж.