Білім күні
1 қыркүйек — бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!» Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді! Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді! Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді. Білім күні жылына бір-ақ рет өткізіледі. Ал білім жыл он екі айдың барлық 365 күн бойына, тіпті бүкіл ғұмыр бойына жиналады. Мектеп босағасын тұңғыш аттаған бүлдір- шіндерге ұстаздары дәл осы туралы әңгімелейді. Балалардың — мектепте көптеген пәндерді математиканы, табиғат тануды, сурет салып, ән айтуды оқып үйренулеріне тура келеді.
Сөйтіп, қоңырау күмбірлеп, сабақ та басталды.
Орунбасарова К.С.