Білім күні
1 қыркүйек — бұл барлық оқушылар, студенттер және олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін мереке күні.
Білім күніне орай, мектебімізде салтанатты жиын өтті. Бұл мереке түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше. Жиын барысында мектеп директоры Баизбаева Т.С., Кемеңгер ауылының әкімі Вакпаев А.В. және «Аяла» сәбилер бақшасының директоры Бойкова А.С. Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.