image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Білім нәрі — бастауышта.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Бастауыш сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы — оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.Сондықтан да оқушылардың жеке тұлға ретінде  өз деңгейіне байланысты  оқу нормасына жүгіне отырып, әр жұма сайын өз  білімізді  тексеру  барысында  оқу  жылдамдық  эстафетасын құрып,оқушылардың қызығушылығын арттырып келеді.

Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты — оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті- елжанды дара тұлға тәрбиелеу басты міндетіміз деп білемін.

Бастауыш сынып мұғалімі: К.С.Орунбасарова