image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Білім сапасы — мұғалім ізденісінде

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Жинақтай айтсақ, ол – оқыту методикасына әдiсiне жаңа элементтер ендiру, оның нәтижелегi арқасында уақытты тиiмдi пайдаланып, сапалық биiкке көтеру. Мұғалiм – оқушы арасындағы жаңа, өзiндiк педагогикалық ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды, уақытша үлгерiмi төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жаңа әдiстерiн өндiру. Мұғалiмнiң пәндер, ғылымдар арасындағы байланысты  жетiлдiрудегi өзiндiк үлесi, оқушыларға бiлiм стандарттарын оқыту мазмұнын игеруiне тиiмдi өзiндiк бақылауы, талдауы.

Жұмажан З.