Бүгін-Рухани келісім күні.
Елімізде жыл сайын 18 қазанда «Рухани келісім күні» аталып өтеді. Бұл күнді атап өту 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталаған болатын. Сол күні елімізде адамзат тарихында алғаш рет барлық діннің өкілдері мен қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бас қосқан еді. Осы жиында 18 қазан күнін «Рухани келісім күні» деп жариялауға үндеген манифест қабылданды. Міне осы кезден бастап Қазақстанда 18 қазан күні «Рухани келісім күні» ретінде тойланып келеді.Себебі, бұл күн ізгілік пен қайырымдылыққа шақыратын,адамдарды жақындастыратын, толеранттылықтың,ынтымақ-бірліктің туын биік көтеретін мерекеге айналды.Біздің Отанымыз көп ұлтты мемлекет. Өйткені елімізде 130 этнос пен 17 конфессия өкілдері мекен етеді. Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Дархан пейілді еліміз олардың да сүйікті Отанына айналып кеткен.
Біз өз Отанымызды сүйеміз!
Ардақ Мухаметалина