В.П.Никитенко атындағы 14 интеллектуальды математикалық олимпиада
Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» ММ 17 қазан 2020 жылы В.П.Никитенко атындағы 14 интеллектуальды математикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданы ұйымдастырудың мақсаты – оқушылар арасында ғылымдарды насихаттау, Павлодар өңіріндегі аудандық, қалалық және облыстық мектептермен желілік ынтымақтастықты дамыту сонымен қатар олимпиадаларды ұйымдастыру мен тәжірибе алмасу. Олимпиаданың ережесі бойынша жеңімпаздар лицейге қабылдануға мүмкіндік ала алады. 2020-2021 оқу жылы олимпиада санитарлық-эпидемиологиялық шараға байланысты онлайн платформада өткізілді.
Кемеңгер орта жалпы білім беру мектебінен 4-6 сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 4 сынып оқушысы Қуаныш Елдана бақталастарынан білімді екенін дәлелдеп, 3 орын иегері болды. Мақтанышымыз, Қуаныш Елданаға оқуынан жетістік, әлі талай шыңдарды бағындыруына тілектеспіз.
Карашашева Райхангул