«Гүлдене бер, туған ел!»
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің ұжымы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Красноармейка ауылындағы бұрынғы балабақшаның ауласын жинау үшін сенбілікке шықты. Мұғалімдер өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, күл-қоқыстан тазартып,сенбілік өз дәрежесінде өтіп, ауылға жасалған тазалық жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Алдағы сенбіліктерде ағаш түптерін әктеу, ағаш отырғызу және тағы да басқа тазарту жұмыстары жалғасын табады.
Біздің алдымызда тұрған басты міндет –жас ұрпақтың бойына Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі – Сандуғаш Жасқайратқызы Жасқайратова