Дарынды және талантты балаларымыз
Кемеңгер ауылының мәдениет үйінде аудан әкімі Е.И. Иманслям, аудан әкімінің орынбасары Г.К. Сейтқазина, білім бөлімінің басшысы З. Ж. Қалиева және педагогтар қатысуыен салтанатты іс-шара өтті. Павлодар ауданының «Топ жарған — 2022» атты шеруге біздің белсене қатысты. Дарынды және талантты балаларымыз, оқу үздіктері өз біліктері мен қабілеттерін көрсете алды . Атап айтсақ, Никулина София — 3 сынып оқушысы, ғылыми жоба бойынша «Жас ғалым — 2022» номинациясы бойынша 3 орын алды; Есенов Алишер — 8 сынып оқушысы, IQANAT облыстық олимпиадасының жеңімпазы, «Олимп шыңына» номинациясы бойынша 1 орын; Малаев Амир-8 сынып оқушысы, қазақ күресінен Республикалық чемпионаттың жүлдегері, «Жүйріктен жүйрік озар жарыста» номинациясы 3 орын; Барлық қатысушыларға салтанатты дипломдар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, қонақтарымыз дарынды балаларымызға жылы лебіздері мен насихат сөздерін айтты.