Дарынды оқушыларға- талантты ұстаз!
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», — дей отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қазақтың мақалы бекер айтылмаған. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХIV республикалық конкурсы облыстық кезеңіне Красноармейка орта жалпы білім беру мектебіміздің оқушылары қатысты. Байқауда жас зерттеушілеріміз өздерінің жұмыстарын жоғары дайындық деңгейінде көрсетіп, ІІ-ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар: 7 сынып оқушысы Бычковский Никита «Кубик Рубика» атта жобасымен ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі — Бычковская Евгения Васильевна. 3 сынып оқушылары Катранов Аль — Фараби, Телкен Әдия «Көкөністердегі электртоғы» командалық жобамен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі — Катранова Жанара Егеубаевна.
Жеңімпаздар мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерге келешекте сәттілік пен жаңа жеңістерді тілейміз!
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі – С.Жасқайратова