Дарынды оқушы – ұлт болашағы!
Түркістан қаласында «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГЕНДІК ҚОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы ғылым» атты ғылыми – зерттеушілік жұмысының Республикалық конференцияның қорытындысы бойынша Красноармейка ЖОББ мектебінің 10 «А» сынып оқушысы талантты да қабілетті жас білімпаз Әлия Сакенова мектебіміздің намысын қорғап, өз қабілетін шыңдап ІІ дәрежелі дипломға ие болып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылы ақпан айында өтетін Халықаралық конференцияға жолдама алды. Сонымен қатар жүлдегерді дайындаған химия пәнінің мұғалімі Сауле Альменовна Досмагамбетова алхыс хатпен марапатталды.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымыз болмақ.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Сандуғаш Жасқайратқызы Жасқайратова