image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Демалысты пайдамен өткізу

Күн суытқан кезде суық тиіп қалудан қорыққан көптеген адамдар таза ауада мейілінше аз уақыт өткізуге тырысады. Негізі, бұл қателік. Керісінше, таза ауада демалу адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қыс кезіндегі физикалық белсенділік біздің ағзамыздың нығая түсуіне, тұмауға қарсы тұруға, жаз келгенше күш жинауға көмектеседі.
Ағзасы енді дамып жатқан балалар үшін коньки тебудің пайдасы үлкен. Пайдадан бөлек, көңіл көтерудің де керемет әдісі. Айтпақшы, көптеген танымал фигуристтер бала кезінде өте әлсіз болғандықтан, денсаулықтарын нығайту үшін мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Коньки тебу баланың денесін тік ұстап, бұлшық ет жүйесін қалыптастыруға, вестибулярлы аппарат пен тыныс алу жүйесін реттеуге көмектеседі.Әсіресе, өтпелі кезеңдерде жүйелі түрле коньки тебу баланың өзіне деген сенімін күшейтеді. Сондықтан 10-сынып оқушылары демалыс кезінде сынып жетекшілерімен бірге коньки тебуге баруды шешті. Уақытты өте коңілді өткізді. Коньки тебу білмейтін сыныптастарына көмектесіп,сырғанауды үйретті. Балалар көтеріңкі көңілмен үйлеріне қайтты.

 

Дарошева Ж.Н.