Денсаулық күні.
«Денсаулық фестивалі-2017» аясы бойынша «Біздің денсаулық- біздің өз қолымызда» ұранымен Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде қыркүйек айының 9-жұлдызы күні барлық мектеп ұжымы мен барлық сынып оқушылары осы аталған мерекеге жаппай бір адамдай боп қатысты. . Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында әр сынып , яғни бастауыш сыныптар бір топ болып, орта буындар бір топ және жоғарғы сыныптар болып жас ерекшеліктеріне сай көңілді старттар, екі командаға бөлініп фудбол және волейбол ойындары дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорт түрлері ойналды. Табиғатқа шыққан саяхатымыздың соңы әр сыныптың жайқалған дастархан жаю мәзірімен аяқталды.