Денсаулық күні!
Біздің мектепте ақпанның 17-сі «Денсаулық күні» ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл күні өткізілетін шаралар, 3 буынға бөлінді. Мысалы: жоғары сыныптар «Зарница» ойынын ойнаса, орта буын коньки мен шаңғы тепті. Ал бастауыш сыныптар арасында шашки ,шахмат, тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды. 2 сынып оқушылары шашкиден 1-2-3 орындарға ие болды.