«Денсаулық күні»
Бүгінгі өткізілген Денсаулық күнінің жалпы мақсаты, балаларды дене-тәрбиесіне баули білу. Балалардаң шапшаң қимылдауын, өткір ойлау дағдыларын арттыру және көңіл күйін көтеру, достыққа, мейірімділікке баулу. Себебі, бала өмірінде қимыл қозғалыс өте маңызды. Баланың бұл өмірде қандай да жетістікке жетуі бұл дене – тәрбиесінің алғышарты. Осы мақсатты көздей отыра,мектепішілік жоспарда жарыстардың түр түрі қамтылды.Ашылу сәті флешмобтан басталып,сайыстарға ұласты.»Асық ату», «Көңілді старт» шахмат, пионербол,волейбол,флорболдан сайыстар әр сыныптарда жалғасын тапты. Сайыс командаларға ұнады деп сенемін. Бұл өткізілген шара үлкен тәжірбиелердің біріне жатады. Дене шынықтыру мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесін оқушылардың жүздерінен ақ байқауға болады. Осыған, орай,«Денсаулық-зор байлық» екенін әрқашан жадымызда ұстаған абзал.
Мухаметалина А.А.