«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің 2 «А» сынып оқушыларымен әр аптада жылдық тәрбие жоспар негізінде тәрбие сағаттары өткізіліп отырады. Соның бірі «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мұнда оқушыларды топқа бөліп, түрлі жағдаяттық сұрақтар мен тапсырмалар берілген болатын. Сабақтың қорытындысы ретінде әр топ өзін постерлер арқылы қорғап, жалпы тақырыптан түсінгендерін қазіргі күнделікті өмірмен байланыстырып бар білімдерін ортаға салды.