Елбасының Қазақстан халқына жолдауы
Елбасының 2018 жылғы жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталады.
Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауы 10 бөлімнен тұрады.
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің
көшбасшысына айналуы тиіс.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды
дамыту мүмкіндігі.
ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи
технологияларды енгізу.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы.
СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Ал енді менің тоқталғалы отырған бөлімім 7-бөлім. Яғни «Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы» бөлімі
бұл бөлімде ЕЛБАСЫ орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталғанын және ол 2021 жылы аяқталатынын айтты.
Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.
Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек екендігін де айтты.
Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек екендігін де айтып өтті.
Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.
2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет деді.
2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.
2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.
Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.
Енді ұстаздарға қуанарлық жаңалық Елбасамыз мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырды.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.
Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.
Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.
Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.
Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
Красноармейка ОЖББМ қазақ тілі әдебиет мұғалімі: Досымханов Қ.Б.