Елдің мақтанышы бол!
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Денсаулық — тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.
Болар бала жастайынан, демекші Красноармейка мектебінде 3қазақ сынып оқушысы Рустемов Рустем Асхатұлы жастайынан футбол әлеміне үйір болып, оның допты аяқ – қолымен ойната отырып, жүгіргенін көргенде сондай сүйсіне қарай бергін келеді. Рустемнің бойында бір ерекше сенімділік пен батылдық бар.Павлодар қаласының «ИРТЫШ» командасы құрамында үздік ойыншыларының бірі Ресей командасымен доп жарыстырып келіп жеңімпаз атанды. Рустемнің жетістіктері мол 10 медаль мен 1-орына иегері атты 9 грамоталары бар. Рустемнің бұл жетістіктерімен ата – анасы мен туған туыстары және мектеп ұжымдары да мақтан тұтады. Ол мектебіміздің озат оқушыларының бірі. Мектептегі іс – шараларға белсене қатысады. Салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Рустем болашақта жарық жұлдызың жаңа берсін!
Бастауыш сынып жетекшісі: Орунбасарова .К.С