Еңбек жолы ел Тәуелсіздігімен өрілген ұлағатты ұстаз
«Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Еңбек жолы азат елмен бірге өрілген, білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздың бірі – қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Маржан Жалеловна Нургалиева. Оның табан аудармай қызмет етіп келе жатқананына биыл 25 жыл толып отыр. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Маржан Жалеловна Нургалиева жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Маржандай ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге.
Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық.
Сіздің осы бағыттағы еңбегіңіз жана берсін! Сізді мерейтойыңызбен Красноармейка ОЖББ мектебінің ұжымы құттықтай отырып, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілейді!
Красноармейка ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі -Сандуғаш Жасқайратқызы Жасқайратова