«Жайнай бер, жас Астана»
Казақстанның тарихында Астана ерекше орын алатындығын, тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден- ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартатындығын айтып түсіндіріп бердім. Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде астанамыз Астананың тарихы туралы мәлімет бердім: «Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты. Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде Қараөткел транзиттік және сауда-айырбас орталығы орын алды. Уақыт өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды. 1832 жылы бұл жерде Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10-желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды. Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6- мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды»
Және оқущылар өздері Астанаға барған кезде қаланың сәулетті де көрікті жерлерін көріп таң-тамаша қалғандарын бірінен соң бірі таласып мәз боп қуаныштарымен бөлісті. Астана туралы тақпақтарын айтып тәрбие сағатымыз көңілді өтті.
5 «А» сынып жектекшісі: Досымханов Қайыржан Байтемирович