Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
15 мамыр Отбасы күні мерекесіне орай елімізде Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Мұндай іс-шараны біздің мектептің мұғалімдері мен әкімшілігі жоғары деңгейде өткізді. Бұл жиналыста мектебіміздің бір жылдық өмірі мен жетістіктері ата-аналар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, түрлі сайыстарда мектебімізге жүлделі орындар әкелген балаларды мектеп әкімшілігі шағын сыйлықтармен қуантты.
Кисмат З.М.