image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жарайсыңдар, жас ғалымдар!

Қоғамда болып жатқан өзгерістер оқытудың, педагогикалық технологияның өзгерісін талап етуде. Жеткіншек тұлғаны заман талабына сай болуға дайындау, яғни алдына мақсат қоя білуге, осы мақсатқа жету үшін өзін-өзі дамыта білуге, ізденімпаздықпен жұмыс істеуге, ақпараттық кеңістікте дұрыс әрекет ете білуге бағыттай алуға тиіспіз. Ежелгі Қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін» деген қанатты сөзі бар. Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.Яғни жұмыс  барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдейміз.  Сонымен, жобамен жұмыс оқушылардың логикалық ойлауын дамытады, өз көзқарастарын қорғай алады, қызығушылығы артады.                                                                                                                                                         ХХІ ғасыр – ғылымның дәуірі. Сондықтан та, Тәуелсіз Қазақстан алғашқы күннен-ақ, өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алуына, бәсекеге қабілетті болуына айрықша көңіл бөлді. Олардың ғылыми-зерттеу, оқу-танымдық және зияткерлік қабілеттерін арттыруға арналған байқаулар да жыл сайын ұйымдастырылуда. Оған, әрине, біздің мектептің  оқушылары да белсенді түрде қатысып келеді. Облыс орталығында өткен кезекті ғылыми жобалар сайысында  мектептің 1-7-ші сынып оқушылары ерекше жұмыстарын ұсынып, оқу-білімге құштар екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.                                                                         Конкурстың мақсаты – бастауыш және орта буынды оқушылардың  интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру болып табылады.                                                                                                                      Павлодар ауданының Красноармейка орта мектебінің  негізгі мақсаты – оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, білімді өз бетінше меңгерту, оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интелектуалдық іс — әрекетке әзірлеу. Сонымен бірге, жаңаша оқыту жолдарын тауып, оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын іске асыру.  Жалпы айтқанда, педагогикалық ұжым дербес ойлап, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын, дүниетанымы терең, жан — жақты дамыған шәкірттер тәрбиелеуді көздейді.  Мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге соңғы он жыл бойы ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми — ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны — әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.                                                                                                              «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» XIV республикалық конкурсы облыстық кезеңіне қатынасқан 3 оқушының үшеуіде, Катранов Аль- Фараби (3 орын), Телкен Әдия (3 орын), Бычковский Никита (2 орын) жүлдегерлері атанды. 3 сынып оқушылары Катранов Аль- Фараби, Телкен Әдия   «Көкөністердегі электртоғы» командалық жобасы  жүлделі ІІІ орынды алды жетекшісі Катранова Жанара Егеубаевна, 7 сынып оқушысы Бычковский Никита «Кубик Рубика» атта жобасымен ІІ жүлделі орынға ие болды жетекшісі Бычковская Евгения Васильевна.  Осындай жетістікке жеткен оқушылар ұстаздарының ғана емес, ауданның мақтанышы.                               Бәрекелді, жас ғалымдар!                                                                                                                            Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Жакьянова К.Т.