«Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті.
Кезекті «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде іске асып жатқан бұл жобаның мақсаты- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, жасөспірімдердің шығармашылық- зерттеу қабілеттерін арттыру, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын ояту.
Біздің Красноармейека орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары да осындай білім көкпарына жан-жақты білімі мен өнерлерін ортаға салды. Топ ортасынан іріктеліп, «Тілші – әдебиетшілер» номинациясынан -А.Максимцева, «Сөз шеберлері» номинациясынан- Т.Нығметұлла және «Әнші бұлбұлдар» номинациясынан -Б. Каппасов -барлығы қанжығаларына II орындарын байлап келді. Барлығын алған марапаттарымен құттықтаймыз!
М.Ж.Нұрғалиева