«Жарқын болашақ» – қазақ тілі мен мәдениетінің болашағы!
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі – ғажап тіл, тек біз оны насихаттай білуіміз керек» деген сөзін ту етіп, жыл сайын «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді. Бұл олимпиаданы өткізудегі басты мақсат – мемлекеттің мәртебесін көтеру, қазақ және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, оларға ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымызды бойына сіңіру арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру болып табылады. Бұл олимпиадаға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың арасында еліміздің барлық облыстарынан келген қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 7-11 сынып оқушылары 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар») білімін сарапқа салды.
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің 10 «Б» орыс сынып оқушысы Максимцева Александра облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасына қатысып, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі С.Ж.Жасқайратованың жетекшілігімен жүлделі ІII орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізіп, алда талай асу белестерді бағындыра бер.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі С.Ж.Жасқайратова.