«Жасыл-яғни үнемді»
Бастауыш 2-4 сыныптар арасында жаппай «Жасыл-яғни үнемді»сынып сағаттары өтті.Оның мақсаты,оқушылардың бойына экологиялық мәдениет пен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып,қоршаған ортаны зиянды ластанудан қорғауға жұмылдыру. Мұғалімдер табиғатта болып жатқан жағдаяттар мен олардың алдын алу мүмкіндіктерді айтып етті.Зерттеулер мен тәжірибелер көрсету арқылы,үнемдеу жолдарымен таныстырды.Оқушыларға энергия өндірудің табиғи жолдары және де қоқыстарды қайта өңдеу ұғымдары жөнінде танымдылықтарын кеңейтуге барын салды.Топ жұмыстарын беріп,өзара пікірталас тудыртты. Қоршаған ортаны залалсыздандыру ұғымын бойларына сіңдіріп, болашақта табиғи ресурстарды үнемдеуде покетмодтарды қолдан істеуге үйренді. Кішкентай кітапшаны қолдан жасап,оның ішіндегі асыл істердің оларға табиғи ресурстарды үнемдеудің жадынамасы болатынын басқаларға да айтып беретін болады.
А.А.Мухаметалина