image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Жас мамандар апталығы»

Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде жас мамандар апталығында тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Расул Мырзахметович Сапаргалиев «Шоқан – ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» тақырыбымен 8 сыныпта ашық сабақ өткізді.
Жалпы сабақта Шоқан Уәлиханов еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі түсінік танымдары қалыптасты. Ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, баяндау, талдау, сұрақ-жауап әдістері арқылы өткізілді. Шоқан Уәлихановтың шығармалар жинағы, слайдтар, баспасөз материалдары, тарихи шығармалардан үзінді, буклеттер, схемалар, карта, суреттер, үлестірме қағаздар, нақыл сөздер сияқты көрнекі құралдар қолданылды. Оқушылардың өздерін еркін сезіну мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингінде оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында түрткі сұрақ қою арқылы оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы ашқызып алынды. Сынып оқушылары сабаққа үлкен қызығушылықпен, белсене қатысты.

 

А.С.Каскенова