Жемістердің пайдасы.
Күз өнім мен астыққа бай, бау-бақшадағы барлық жемістер мен көкөністер пісіп, өз жемістерін беретін керемет бір жыл мезгілі. Күз мезгілі адамдарға ерекше бір мереке мен шатыққа толы көңіл-күй сыйлайды. Осыған орай 4-ші орыс тілінде оқытылатын гимназия сыныбының оқушыларымен «Жемістердің пайдасы» атты сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларға күз мезгілі жайлы айтып, жемістер, көкөністер мен жидектердің адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру болатын. Сабақ барасында оқушылар күз туралы өз ойларын білдіріп, жемістер жайлы білетін жұмбақтарын бір-біріне жасырды. Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру үшін оқушыларға кері жазылған жемістер мен көкөністердің атауы берілді, жылдам жауап берген үш оқушыға жұлдызша тағылды. Сабақты бейнелеу өнерімен байланыстыра отырып, оқушыларға А-4 форматында салынған жемістер, жидектер, көкөністер таратылды, жемістерді бояп, балалар оның пайдасы туралы өз ойларын айтты. Келесі сабаққа оқушыларға буын түрлерін қайталау,жемістер туралы мақал-мәтел жаттап келу берілді. Сабақ бізге ерекше көңіл-күй сыйлады.
М.Байсадыкова