Жоғарғы сыныптар арасында психологиялық тестілер өткізді
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің психолог маманы Мурзабекова К.А жоғарғы сыныптар арасында психологиялық тестілер өткізді. Бұл тестіні өткізудің басты мақсаты – игілікті өмір сүру үшін қаржы тауып ғана қоймай, бастысы өз қабілетін, қызығушылығы мен шығармашылық әл-қуатын іске асыра алатын болашық мамандығын дұрыс таңдауыңа көмектесу еді. Психолог:кәсіп таңдау — болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол – адамның өзінің ішкі жан-дүниесіне үңілу екендігін айтты.
Мамандық таңдау кезінде көптеген маңызды факторлар әсер етеді:
- мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;
- қызығушылық, еңбек түрткісі және ынтасы;
- ата-ананың, отбасының көзқарасы;
- құрбы-достарының көзқарасы;
- мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;
- жеке кәсіби жоспар
Бұл іс-шара мамандығын таңдап, өмірге дұрыс қадам басуына оқушылардың дұрыс қадам жасауына, өмірде адаспауына көмектеседі. Іс-шараның оқушыларға беретін пайдасы өте зор.
Математика мұғалімі: Р.Уахыт