image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Зерде» аудандық конкурсы өтті

2017 жылдың 22 мамырда 1-7 сынып сынып оқушыларының арасында «Зерде» аудандық конкурсы өтті. Осы байқауда математика секциясы бойынша Красноармейка жалпы орта білім беру мектебінің алтыншы сынып оқушысы Нығметулла Гүлнәз «Практикада қолданылатын графиктердің маңыздылығы » атты ғылыми жобаны қорғап I орынды иеленді.

Оқулықта бұл тақырып өте қысқа болғандықтан, графиктердің басқа салада қолданылуы Гүлнәздің қызығушылығын тудырды. Сол уақыттан бастап, графиктерді зерттеуді  бастады.  Зерттеу жұмысы кезінде жоба жетекшісі Меруерт Сериковна екеуі  басқа сала қызметкерлерімен танысып, графиктерді өз тілінде қалай оқитынын біліп қайтты.  Зерттеу жұмысының өзектілігі — графиктің өмірде қолданысын көрсету, сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алу болып табылады.

«Практикада қолданылатын графиктердің маңыздылығы» зерттеу жұмысын одан әрі жетілдіріп, графиктердің басқа да салаларда қолданылатынын зерттегісі келетінін айтып өтті.