«Информашка»
Қазіргі дамыған техника заманында әр бала компьютердің қыр- сырын жетік меңгерген. Бұнын дәлелі ретінде Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде информатика пәнінің мұғалімі Дарошева Жанна Нурбековна 6 -сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс- шара өткізді. Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сайыс «Информашка» деп аталды. Ол бірнеше қызық кезеңдерден тұрды. Олар жылдамдыққа мәтін теру, ребус шешу, информатика сөзінен сөздер құрастыру, мақал- мәтелдің жалғасын тауып, адасқан сөздерді орнына қою. Сайысқа тек қана оқушылар қызыға қатысып қоймай, сабаққа қонаққа келген мұғалімдер де қызыға қатысты. Сайыс барысында оқушылар өздерін барынша көрсетті. Өздерінің информатика пәнін жетік меңгергендерін көрсете алды. Сабақ соңында әр топ мадақтама қағаздарымен марапатталды. Осындай сыныптан тыс іс- шаралар көтеріңкі күйде өте беруіне тілектеспін.
Карашашев М.М