«Квадрат теңдеу және оның түбірлері» тақырыбы бойынша ашық сабақ
Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде 8 «А» сыныбында алгебра пәнінен «Квадрат теңдеу және оның түбірлері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты квадраттық теңдеу мен толық емес квадраттық теңдеулерді ажырата және шеше білуін есептер шығару және критерийалды бағалау арқылы тексеру. Есептер шығара отырып және постерлар арқылы логикалық ойларын дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Оқушылардың оқуға деген ынталары мен белседіліктері, жауапкершіліктері, оқу –танымдық әрекеттері, пәнге деген қызығушылығы қалыптасып, жүйеге келтірілген. Қолданылған жұмыс әдістері: жалпылама, топтық, жекелей, екеуара жұмыстары сабақтың әрбір кезеңінде қолданылды. Оқушылардың сөйлеу, көрнекі көрсету, практикалық жұмыс жасау, өз бетімен жұмыс жасай білуге тапсырмалар берілген. Шығармашылық жұмыспен жасай білуге дағдыландыруға постерлар берілді. Оқушылар белесене қатысып, сабақты қорытындылады.