Красноармейка елді мекенінде болып өткен Аудан әкімі А.В.Бабенканың Павлодар ауданының 2017 жыл бойынша қорытынды есебіне Павлодар шаһарының басшысы Болат Бақауов қатысты
Осындай іс-сапармен келген өңір басшысы жөндеуден өткен мектептің жағдайын білу мақсатында Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде болып қайтты.Білім ордасының жәйімен танысқан облыс әкімін білімді де, өнерлі бетке ұстар оқушыларымыз бүгінгі таңдағы мектебімізде атқарылып жатқан игі істерін қысқаша баяндады. Жаңа заман талабына сай ғылымға баулу мақсатында ашылған «Робототехника» және «Шахмат» кабинеттерінің жабдықталған жағдайы да көңілден тыс қалған жоқ.
Мектептің сыртқы көрінісі, ішкі безендірілуі, сырттан күн сәулесі жарқырай түскен пластик терезелер, жарқырап жанған электр шамдары, жаңа үлгідегі дәліздің безендірілуін көргенде білім беру саласына жасалған Елбасының шынайы қамқорлығын сезінесің. Әлеуметтік саладағы мұндай бетбұрысқа ауыл тұрғындары да дән риза. Сыңғырлаған ғимаратта білім нәрімен сусындаған шәкірттердің де қуаныштарында шек жоқ.
М.Ж.Нургалиева