Красноармейка орта білім беру мектебінде бүгін 2017 жылдың қарашаның 18-жұлдызында «Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі» атты 5-11-сыныпар аралығында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа,әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдікпен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау
Сынып жетекшілері сынып сағатының барысында денсаулық — жеке адамның басты байлығы. Денсаулық — адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ — елдің ертеңгі жалғасы екендігін меңгертті. Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмағын айтты. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайтындарын баса айта кетті.
(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
Досымханов Қайыржан Байтемирович