«Күз аруы»
Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емес пе?); көктем де қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Күз мезгілі — қызу ебектің мерекесі.Сондай мереке Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінің 8-11 сыныптарарасында «Күз аруы » атты сайыс болып өтті.Сайыс бағдарлама бойынша өз деңгейінде өтіп, нәтижесінде «Күз аруы» 8-сынып оқушысы Д.Садвакасова барлық өнері жағынан жеңіп, Ару атанды.
М.Ж.Нургалиева