Көркем жазу курсы.
Кемеңгер мектебінің 2 сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсы 34 сағатқа есептелген. Әрбір сабақ 2 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – теориялық тұрғыдан түсіндірілсе, 2 – бөлімде оқушыларға тапсырмаларды әдемі, көркем етіп жазуға ұсынылады. Сабақтың 1-бөлімі оқушының қызығушылығын ояту, сыныпта жағымды атмосфераны орнату, психогимнастикалық серпіліс жасау жаттығуларынан басталады. Тақырып бойынша әріп элементін жазу ережесімен таныстырылады, әріптің көлемі біркелкі болуы, кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм өлшемдерді сақтап жазу қажеттігі ескертіледі. Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, сергіту жаттығулары орындалады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Орунбасарова К.С