image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Мектепке жол»

Биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек арылығында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткiзiледі. Жыл сайын дәстүрлi түрде ұйымдастырылатын шара осымен 7-шi рет қолға алынып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

«Мектепке жол» үлкен шығындарды қажет етедi. Биылғы шара «Балаға мейiрiм сыйла!» ұранымен өтіп жатыр. Ол ҚР БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығына арналып отыр.

Акцияны өткізудегі мақсат – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.