image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Мектепке жол

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қатысушысы бол!
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын барлық адамдарды акцияға қатысуға шақырамыз. Сіздің көмегіңізбен мұқтаж отбасылардағы балаларды мектепке жинау оңайырақ болатынына сенімдіміз. Балаларға демеушілік көмек көрсете отырып, олармен өзіңіздің жан жылуыңызбен бөлісу — сіздің қолыңызда.
2022 жылғы 1 тамыздан бастап дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық және өзге де көмек көрсету.
Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда жан-жақты көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, әр баланың мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін оларға шынайы қамқорлық жасай аламыз!
Акцияға тіркелгісі келетіндердің барлығына Кемеңгер ОЖББ мектебіне мына мекен-жай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі 34
Мектеп директоры: Баизбаева Т. С. Телефоны: 87774581429
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бейсекеева А. А.
Телефоны: 87752175419
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сембина Г. С.
Телефоны: 87477631125
Құрметпен Кемеңгер ЖОББМ әкімшілігі.